Құжаттың атауы: Кирилл әліпбиі таңбаларын транслитерациялау қағидалары (қазақ тілі) Мәртебесі: draft (жоба) Нұсқасы: 1.0 Жарияланған күні: 01.06.2026 ж. Иесі: Қазақстандық желілік ақпарат орталығы (KazNIC) Осы қағидалар жиынтығы қазақ әліпбиінің кирилл графикасындағы таңбаларын латын графикасына түрлендіру үшін пайдаланылады. Қазақ әліпбиінің арнайы әріптері: • Ә, ә → Ä, ä • Ғ, ғ → Ğ, ğ • Қ, қ → Q, q • Ң, ң → Ñ, ñ • Ө, ө → Ö, ö • Ұ, ұ → Ū, ū • Ү, ү → Ü, ü • І, і → I, ı (бас әріп — I, кіші әріп — ı) • Һ, һ → H, h Кирилл әліпбиінің стандартты әріптері: • А, а → A, a • Б, б → B, b • В, в → V, v • Г, г → G, g • Д, д → D, d • Е, е → E, e • Ё, ё → Ö, ö • Ж, ж → J, j • З, з → Z, z • И, и → İ, i • Й, й → İ, i • К, к → K, k • Л, л → L, l • М, м → M, m • Н, н → N, n • О, о → O, o • П, п → P, p • Р, р → R, r • С, с → S, s • Т, т → T, t • У, у → U, u • Ф, ф → F, f • Х, х → H, h • Ц, ц → S, s • Ч, ч → Ch, ch • Ш, ш → Ş, ş • Щ, щ → Ş, ş • Ы, ы → Y, y • Э, э → E, e • Ю, ю → İu, iu • Я, я → İa, ia • Ь, ь → (таңба алынып тасталады) • Ъ, ъ → (таңба алынып тасталады) Техникалық ерекшеліктер 1. Латын графикасының арнайы таңбалары Транслитерация нәтижелерінің дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету үшін ақпараттық жүйелер UTF-8 кодтамасын қолдауы тиіс (мысалы: ğ, ñ, ū таңбаларын дұрыс беру үшін). 2. Ерекше жағдайлар Ь және Ъ әріптері нәтижелік жолдан толықтай алынып тасталады. 3. Біріздендіру Ш және Щ әріптері бірдей түрде — ş ретінде транслитерацияланады. 4. «ДЖ» әріп тіркесін өңдеу «дж» тіркесі (сондай-ақ «Дж», «ДЖ» нұсқалары) негізгі транслитерация алдында автоматты түрде бір «ж» әрпіне түрлендіріледі. Мысал: «Колледж» → «Коллеж» → «Kolej». 5. «ИЯ» және «ИЮ» жалғауларын оңтайландыру Артық «i» әрпінің пайда болуын (таңбалар түйіскен кездегі қосарлануды) болдырмау үшін «ия» және «ию» тіркестерін транслитерациялау кезінде бірінші «и» дауыстысы түсіріліп қалады. Мысал: «iia» немесе «iiu» орнына нәтиже тиісінше «ia» немесе «iu» болады. 6. Қос дауыссыздарды қысқарту (M, N, L) Егер мәтінде қатар тұрған бірдей «ММ», «НН» немесе «ЛЛ» дауыссыздары кездессе, алгоритм оларды латын графикасында бір таңбаға дейін қысқартады. Мысал: «Колледж» сөзі («дж» өңделгеннен кейін) → «Kolej» нәтижесін береді («Kollej» емес).