|
Ақпараттық хабарлама
Қазақстан аумағында .UZ домен аймағының түпкі DNS-серверінің іске қосылуы туралы
Қазақстан Республикасы аумағында орналастырылған .UZ домен аймағының жаңа түпкі DNS-серверінің жұмыс істей бастағаны туралы хабарлаймыз.
Сервердің жұмысы .KZ/.ҚАЗ домендерінің тіркеу бөлімі KazNIC пен .UZ домендерінің тіркеу бөлімі UZINFOCOM арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумы аясында ұйымдастырылды.
Сервердің IP-мекенжайы:
- IPv4: 80.241.0.234
- IPv6: 2a01:7640:0:d::2
DNS-серверді Қазақстанда орналастыру мыналарды қамтамасыз етеді:
- Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің пайдаланушылары үшін .UZ домен аймағының ресурстарына қолжетімділіктің жылдамдығы мен тұрақтылығын арттыру;
- Ұлттық домен аймақтарының инфрақұрылымының төзімділігін және қауіпсіздігін күшейту;
- Интернет және телекоммуникация саласындағы аймақтық ынтымақтастықты дамыту.
Сервер барлық қажетті техникалық тексерістерден өтіп, домендік атауларды басқару мәселелерін реттейтін халықаралық ұйым ICANN тарапынан мақұлданды.
KazNIC ұлттық домендердің инфрақұрылымын одан әрі бірлесіп дамытуға деген сенімділігі мен жемісті ынтымақтастығы үшін UZINFOCOM серіктестеріне алғысын білдіреді.
|