|
Жиі қойылатын сұрақтар
1. Біз *.com.kz (*.net.kz, *.org.kz, *.edu.kz, *.gov.kz) домендік атауды тіркеуге мүмкіндік бар ма, бар болса, ол үшін не істеу керек?
2. Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату Қағидасымен бекітілген домендік атауларды тіркеу/өзгерту/жою өтінімдерінің жаңа формасы бойынша серверлік құралдың орналасқан жері Қазақстан аумағында көрсетілу керек. «Серверлік құрал» деген ұғым нені білдіреді және қандай ақпаратты көрсету керек?
3. Кеше біз домендік атаулар туралы деректерді өзгертуге өтінім жібердік, өзгертулер қашан болады?
4. Бірнеше күн бұрын домендік атауды өзгертуге өтінім жіберіп, оның өңделгені туралы жауап алдық, бірақ өзгертулер болған жоқ.
5. Компанияны қайта атауға байланысты бізге міндетті түрде тіркеу деректерін (ұйым атауы, мекен-жай және т.б.) өзгерту керек. Бұл үшін не істеу керек?
6. Біздің компанияға zzz.kz, yyy.kz домендері жатады, ал біз оларды басқа компанияға береміз. Ол үшін домендік атаулардың қандай тапсыру үрдістері бар?
7. Егер ұйым Қазақстан аумағында орналаспаса, *.kz домендік атауды тіркеу мүмкін бе?
8. Біз өз *.kz доменімізді тіркегенге өз серверіміз жоқ болғандықтан, сіздердің DNS серверлеріңізді қолдануға бола ма?
9. Біз провайдерді ауыстырып едік, бізде DNS серверлер ауысты. Бұл жағдайда бізге не істеуге болады?
10. Біз DNS серверлеріміздің IP мекен-жайларын өзгерту керек, ол үшін қандай өтінімді толтыру керек?
11. Қазіргі уақытта MAIL-FROM-нан басқа қандай аутентификация тізбелері бар?
12. Әкімшілік (техникалық, биллинг) контакт туралы деректерді өзгерту үшін не істеу керек?
13. Біз *.kz домендік атауды тіркеу керек, оның бос екендігін қалай білуге болады?
14. Қазіргі уақытта KZ аймағында домендік атаулар үшін қандай максималды ұзындық?
15. Бізге міндетті түрде доменді KazNIC-тен басқа Тіркелушіге ауыстыру керек, ол үшін не істеу керек?
16. Біз басқа Тіркеушімен қолдау көрсетілетін доменді KazNIC-ке ауыстырғымыз келеді. Бұл үшін не істеу керек?
1. Біз *.com.kz (*.net.kz, *.org.kz, *.edu.kz, *.gov.kz) домендік атауды тіркеуге мүмкіндік бар ма, бар болса, ол үшін не істеу керек?
Үшінші деңгейлі домендік атауларды (*.org.kz, *.net.kz, *.gov.kz, *.edu.kz, *.com.kz) тіркеу үшін Сізге екінші деңгейлі домендік атауларды ( *.kz ) тіркейтін тіркеу формасын толтыру керек. *.net.kz, *.org.kz, *.edu.kz, *.gov.kz домендерін тіркеу жағдайында тіркелушінің ISP, коммерциялық емес, білім немесе үкіметті ұйымдарға тіркелушінің жататындығын растайтын қатысты құжаттарды міндетті түрде ұсыну керек.
Домендерді gov.kz, org.kz, mil.kz зоналарында тіркеу үшін тіркелушіге келесі құжаттарды ұсыну керек: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі, статистикалық карта көшірмесі; gov.kz зонасында тіркеуді ҰАҚ АҚ (тел.: +7 7172 741149; 7410-69 факс: +7 7172741068 www.reg.gov.kz жүзеге асырады.
edu.kz, net.kz тіркеу үшін тіркелушіге келесі құжаттарды ұсыну керек: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі, статистикалық карта көшірмесі, білім қызметін немесе телекоммуникация, деректерді беру және т.б. (net.kz үшін) саласындағы қызметті іске асырудағы лицензия көшірмесі.
*.com.kz домендік атауын тіркеу жағдайында ешбір қосымша құжаттар қажет емес. Өтінім hostmaster@nic.kz. мекен-жайына жіберіледі.
2. Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату Қағидасымен бекітілген домендік атауларды тіркеу/өзгерту/жою өтінімдерінің жаңа формасы бойынша серверлік құралдың орналасқан жері Қазақстан аумағында көрсетілу керек. «Серверлік құрал» деген ұғым нені білдіреді және қандай ақпаратты көрсету керек?
Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату Қағидаларына сәйкес, домендік атауларды тіркеу, өзгерту, жою өтінім формалары өзгертілді. Өтінімнің 9-шы тармағында өтінілген домендік атаумен интернет-ресурсты (вэб-сайт, пошталық сервер, FTP және т.б.) орналастыратын серверлік құралдың орналасқан жерін міндетті түрде көрсету керек.
DNS-серверлердің орналасқан жері анықталмайды.
Доменді бастапқы тіркеу кезінде Қазақстан Республикасында орналасқан серверлік құралдың орналасқан жерін міндетті түрде көрсету керек. Мекен-жайы толық емес немесе Қазақстан Республикасының жанында болмаса, Тіркеу Келісімі қабылданбайтын болады.
Егер домендік атау Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату Қағидасын қабылдағанға дейін тіркелген және серверлік құрал Қазақстан Республикасының жанында орналаспаған жағдайда, өзгерту жасаған кезде ағымды қолдау кезеңі аяқталғаннан кейін серверлік құралды ауыстыратын Қазақстан Республикасының аумағындағы мекен-жайды міндетті түрде көрсету керек. Домендік атауды қолдау мерзімін ұзарту кезінде Сізге міндетті түрде домендік атауға өзгерту жасап, серверлік құралдың Қазақстан Республикасының аумағындағы орналасқан жерін көрсету керек.
Егер домендік атау Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату Қағидасын қабылдағанға дейін тіркелген және серверлік құрал Қазақстан Республикасының жанында орналаспаған жағдайда, 9 бөлімде өзгерту жасаған кезде өтінімде осы серверлік құралдың мекен-жайын міндетті түрде көрсету керек. Домендік атауды қолдау мерзімін ұзарту кезінде Сізге міндетті түрде домендік атауға өзгерту жасап, серверлік құралдың Қазақстан Республикасының аумағындағы орналасқан жерін көрсету керек.
3. Кеше біз домендік атаулар туралы деректерді өзгертуге өтінім жібердік, өзгертулер қашан болады?
Өтінім тек ағымды әкімшілік e-mail бекіткеннен кейін орындалады (нақтырақ Бірнеше күн бұрын домендік атауды өзгертуге өтінім жіберіп, оның өңделгені туралы жауап алдық, бірақ өзгертулер болған жоқ сұрағын қараңыз). Өтінімдерді өңдеу оператормен жұмыс уақытында (09-00-дан 18-00-ге дейін, сенбі, жексенбі – демалыс күндері) түскен тәртібінде қаралады.
4. Бірнеше күн бұрын домендік атауды өзгертуге өтінім жіберіп, оның өңделгені туралы жауап алдық, бірақ өзгертулер болған жоқ.
Өтінім тек ағымды әкімшілік e-mail бекіткеннен кейін орындалады. Сіз өзгертуге өтінімді hostmaster@nic.kz мекен-жайына жіберсеңіз, өтінім жіберілген e-mail-ға автоматты түрде оның бастапқы өңдеуінің нәтижесі жөнінде жауап жіберіледі. Егер өтінім нақты түзетілсе, ағымды әкімшілік e-mail-ға жеке коды бар өзгертулерді бекітуге формамен хабарлама жіберіледі. Сізге міндетті түрде Confirmation Version Number: 1.0 және End of Confirmation жолына дейін тармақ ішіндегі бекіту формасын көшіріп, жаңа электрондық хатқа 3 тармағында қос нүктеден кейін NO орнына YES сөзін жазып, hostmaster@nic.kz. мекен-жайына жіберуіңіз керек. Жауабына Сіз өтінімнің бекітілгендігі туралы автоматты хабарлама аласыз. Осыдан кейін өтінім тіркеу жүйесінде соңғы өңдеу тәртібіне қойылады және оператормен орындалады.
5. Компанияны қайта атауға байланысты бізге міндетті түрде тіркеу деректерін (ұйым атауы, мекен-жай және т.б.) өзгерту керек. Бұл үшін не істеу керек?
Ұйымды қайта атау жағдайында Сізге міндетті түрде қайта атауды растайтын құжаттар көшірмесін ұсыну қажет:
- мемлекеттік тіркеу туралы ескі және жаңа куәлік немесе стн (қайта атау кезінде оларда жаңа құжаттармен бірге ұқсас нөмірі болады)
- ұйымды қайта атау туралы шешім.
Сізге міндетті түрде домендік атаудың контактілерін өзгертуге өтінімдерді http://nic.kz/templates/contact-template-kaz.jsp. формасы бойынша беру керек.
Контактілерді өзгерту жоғарыда көрсетілген құжаттар көшірмесін және ұйымды қайта атауына байланысты контактілерді (өтінім нөмірлерін көрсетіңіз) өзгертуге өтінімдерді орындауды сұрауымен домендік атауды ұйым-тіркелушінің ресми хатын алғаннан кейін жүргізілетін болады.
6. Біздің компанияға zzz.kz, yyy.kz домендері жатады, ал біз оларды басқа компанияға береміз. Ол үшін домендік атаулардың қандай тапсыру үрдістері бар?
Домендік атауды тапсыру үшін http://nic.kz/templates/domain-template-kaz.jsp домендік атауды тіркеу/өзгерту/жою формаларын электронды хатқа екі рет көшіру керек. Жоғарғы формасы доменді жоюға толтырылады.
Тіркеу Келісімінің 0-2 тармақтарын толтыру керек, 0а тармағында "D" или "Delete" сөзі бар. 1.а жолында «Мақсаттар сипаты» "Transfer Domain" және домендік атау болады. Домендік атауды тіркеуге екінші форма ұйым-тіркелуші туралы және контактілік ақпаратпен жаңа деректермен толтырылады.
Толтырылған өтінімдермен E-mail-ды өңдеуге hostmaster@nic.kz. мекен-жайына жіберу керек.
Өтінім домендік атаудың ағымды Тіркелушісінен доменді (көрсету керек) басқа Тіркелушіге (көрсету керек) тапсыру бойынша сұрау өтінімімен ресми хатын алғаннан кейін өңделетін болады.
Егер домен заңды тұлғаға тіркелген болса, хат фирмалық бланкте мөрмен және бірінші басшының қолымен ТАӘ көрсетіліп беріледі.
Егер домен жеке тұлғаға тіркелген болса, қол қойылған өтінішке міндетті түрде тұлғаны растайтын құжат көшірмесін қоса беру керек.
Хат KazNIC Мекемесі мүдірінің атына - Павел Михайлович Гусевке ұсынылады. Хаттың көшірмесін факс арқылы немесе info@nic.kz e-mail-на, ал түпнұсқасын пошта арқылы жіберуге болады.
7. Егер ұйым Қазақстан аумағында орналаспаса, *.kz домендік атауды тіркеу мүмкін бе?
Иә бұл мүмкін, сізге тек домендік атауды тіркеуге өтінімді толтырып, оны hostmaster@nic.kz мекен-жайына жіберуіңіз керек.
8. Біз өз *.kz доменімізді тіркегенге өз серверіміз жоқ болғандықтан, сіздердің DNS серверлеріңізді қолдануға бола ма?
Жоқ, мүмкін емес. DNS серверлерді алу үшін сізге міндетті түрде өз провайдеріңіз не хостингпен айналысатын үшінші жаққа жүгінуіңіз керек.
9. Біз провайдерді ауыстырып едік, бізде DNS серверлер ауысты. Бұл жағдайда бізге не істеуге болады?
Осы DNS серверлерді өзгерту үшін міндетті түрде домендерді тіркеу/өзгерту/жою туралы өтінімді толтыру керек, онда доменді тіркеу кезінде көрсетілген әкімшілік не техникалық контакт өзгертулеріне сәйкес ақпаратты көрсетіп hostmaster@nic.kz мекен-жайына жіберу керек.
Өтінім тек ағымды әкімшілік e-mail бекіткеннен кейін орындалады (нақтырақ Бірнеше күн бұрын домендік атауды өзгертуге өтінім жіберіп, оның өңделгені туралы жауап алдық, бірақ өзгертулер болған жоқ сұрағын қараңыз). Өтінімдерді өңдеу оператормен жұмыс уақытында (09-00-дан 18-00-ге дейін, сенбі, жексенбі – демалыс күндері) түскен тәртібінде қаралады.
10. Біз DNS серверлеріміздің IP мекен-жайларын өзгерту керек, ол үшін қандай өтінімді толтыру керек?
IP мекен-жайлар туралы деректерді өзгерту үшін міндетті түрде серверлерді тіркеу/өзгерту/жою туралы өтінімді толтыру керек, онда доменді тіркеу кезінде көрсетілген әкімшілік не техникалық контакт өзгертулеріне сәйкес ақпаратты көрсетіп hostmaster@nic.kz мекен-жайына жіберу керек.
Өтінім тек ағымды әкімшілік e-mail бекіткеннен кейін орындалады (нақтырақ Бірнеше күн бұрын домендік атауды өзгертуге өтінім жіберіп, оның өңделгені туралы жауап алдық, бірақ өзгертулер болған жоқ сұрағын қараңыз). Өтінімдерді өңдеу оператормен жұмыс уақытында (09-00-дан 18-00-ге дейін, сенбі, жексенбі – демалыс күндері) түскен тәртібінде қаралады.
11. Қазіргі уақытта MAIL-FROM-нан басқа қандай аутентификация тізбелері бар?
Қазіргі уақытта MAIL-FROM-нан басқа Crypt Password және PGP қолдануға болады.
Толығырақ - KazNIC Базасындағы нысандарды Қорғау бөлімінде (http://nic.kz/security/index.jsp сілтемесін жасау керек).
12. Әкімшілік (техникалық, биллинг) контакт туралы деректерді өзгерту үшін не істеу керек?
Әкімшілік, техникалық немесе биллинг контактілері туралы деректерді өзгерту үшін міндетті түрде контактілерді тіркеу/өзгерту/жою туралы өтінімін толтырып, оны әкімшілік контактіден hostmaster@nic.kz мекен-жайына жіберу керек.
Өтінім тек ағымды әкімшілік e-mail бекіткеннен кейін орындалады (нақтырақ Бірнеше күн бұрын домендік атауды өзгертуге өтінім жіберіп, оның өңделгені туралы жауап алдық, бірақ өзгертулер болған жоқ сұрағын қараңыз). Өтінімдерді өңдеу оператормен жұмыс уақытында (09-00-дан 18-00-ге дейін, сенбі, жексенбі – демалыс күндері) түскен тәртібінде қаралады.
Егер контактілік e-mail өшіріліп тұрған жағдайда KazNIC-ке міндетті түрде контакт тіркелген ұйым/жеке тұлғадан ресми хат жіберу керек.
Егер контакт заңды тұлғаға тіркелген болса («Ұйым атауы» жолы), хат фирмалық бланкте мөрмен және бірінші басшының қолымен ТАӘ көрсетіліп беріледі. Хат KazNIC Мекемесі мүдірінің атына - Павел Михайлович Гусевке ұсынылады. Хаттың көшірмесін факс арқылы немесе info@nic.kz e-mail-на, ал түпнұсқасын пошта арқылы жіберуге болады.
Егер контакт жеке тұлғаға тіркелген болса («Ұйым атауы» жолы), қол қойылған өтінішке міндетті түрде тұлғаны растайтын құжат көшірмесін қоса беру керек.
13. Біз *.kz домендік атауды тіркеу керек, оның бос екендігін қалай білуге болады?
KZ -тегі тіркелген домендік атаулар туралы барлық ақпарат KazNIC деректер базасында және Интернеттен мына мекен-жайлардан көруге болады:
WHOIS сервисі: whois.nic.kz
Веб мекен-жайы: http://nic.kz/cgi-bin/whois
14. Қазіргі уақытта KZ аймағында домендік атаулар үшін қандай максималды ұзындық?
Домендік атаудың минималды ұзындығы 1 символ, максималды - 63, .KZ-ті қосқанда.
15. Бізге міндетті түрде доменді KazNIC-тен басқа Тіркелушіге ауыстыру керек, ол үшін не істеу керек?
Домендік атаудың Тіркелушісі KazNIC-ке басқа тіркелушіге трансфер үшін парольді беруге ресми сұраныс жіберу керек, сұраныста міндетті түрде пароль жіберілетін (transfer key)
e-mail-ды көрсету керек.
Егер домен заңды тұлғаға тіркелген болса, хат фирмалық бланкте мөрмен және бірінші басшының қолымен ТАӘ көрсетіліп беріледі.
Егер домен жеке тұлғаға тіркелген болса, қол қойылған өтінішке міндетті түрде тұлғаны растайтын құжат көшірмесін қоса беру керек.
Хат KazNIC Мекемесі мүдірінің атына - Павел Михайлович Гусевке ұсынылады. Хаттың көшірмесін факс арқылы немесе info@nic.kz e-mail-на, ал түпнұсқасын пошта арқылы жіберуге болады.
Сізге доменнің трансфері үшін парольді алғаннан кейін міндетті түрде трансферді жүргізу үшін оны қабылдаушы Тіркелушіге тапсыру керек.
Осы сұрақ бойынша толық ақпаратпен Тіркеушілер арасында тіркеу трансферінің Тәртібі (http://nic.kz/srs/transferpolicy.jsp сілтеме жасау керек) бөлімінде қараңыз.
16. Біз басқа Тіркеушімен қолдау көрсетілетін доменді KazNIC-ке ауыстырғымыз келеді. Бұл үшін не істеу керек?
Сізге міндетті түрде өзіңіздің ағымды Тіркеушіңізден доменнің трансфері үшін парольді сұрауыңыз қажет. Парольді алғаннан кейін KazNIC-ке доменнің қызмет көрсетуіне сұрауды KazNIC Тіркеушісіне ресми сұраныс жіберіп, трансфер (transfer key) үшін парольді көрсету керек.
Егер домен заңды тұлғаға тіркелген болса, хат фирмалық бланкте мөрмен және бірінші басшының қолымен ТАӘ көрсетіліп беріледі.
Егер домен жеке тұлғаға тіркелген болса, қол қойылған өтінішке міндетті түрде тұлғаны растайтын құжат көшірмесін қоса беру керек.
Хат KazNIC Мекемесі мүдірінің атына - Павел Михайлович Гусевке ұсынылады. Хаттың көшірмесін факс арқылы немесе info@nic.kz e-mail-на, ал түпнұсқасын пошта арқылы жіберуге болады.
Трансфер үрдісі 5 күнге дейін болуы мүмкін.
Осы сұрақ бойынша толық ақпаратпен Тіркеушілер арасында тіркеу трансферінің Тәртібі (http://nic.kz/srs/transferpolicy.jsp сілтемесімен жасау керек) бөлімінде қараңыз.
|