KazNIC KAZAKHSTAN NETWORK INFORMATION CENTER ҚАЗАҚ ТОРАП АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ

қазақша | русский | english

Нақты ережелер RelcomSL Компаниясымен 1994 жылы қыркүйекте әзірленді және ҚР Интернет- қоғамдастығымен құпталды. Еш өзгертулерсіз осы ережелер KazNIC мекемесімен 1999 жылы қабылданды. Қазіргі уақытта Интернет желісіндегі қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату Қағидаларымен реттелетін KZ домендік атауларды тіркеу және қолдану сұрақтары Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат Министрлігінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі №220 бұйрығымен бекітілді. Осы ережелер KazNIC-пен ішкі техникалық регламент және ҚР ағымды заңнамасына қарсылық көрсетпейтін бөлігінде қолданылады.

KZ домендік атауларды тіркеу қағидасы

KZ домендік атаулар туралы.

KZ домендік атауы Интернет желісіндегі DNS адресаттаудың жүйесіндегі жоғары деңгейлі домендік атаумен ресми түрде тіркелген болып табылады. ISO-3166 халықаралық стандартқа сәйкес, KZ екі әріпті коды Қазақстан Республикасының коды болып табылады. "Қазақ торап ақпарат орталығы" Мекемесі коммерциялық емес ұйымы - KazNIC Интернет IANA халықаралық тіркеушісі және KZ адрестік кеңістігіндегі Интернет домендік атауларды орналастыру және қолдау бойынша Менеджері (оператор) болып табылады.

Бұл құжат KZ адрестік кеңістігіндегі екінші деңгейлі домендік атаулардың орналасу қағидасын түсіндіреді.

1. Қолдану саласы.

Бұл құжатта берілген қағидалар KZ домендегі домендік атауларды бөлу туралы барлық сұраныстарға және под-домендер үшін басқа қағидалар бар болса, под-домендерді қосып таралады.

2. Қағидаларды мүмкіндік өзгертулер

Қағидаларды өзгертулер, оларды өзгертуге дейінгі Қағидаларға толық тіркелген болса, домендік атау статусын техникалық сәйкестік себептерін қоспағанда бұза алмайды. Қағидалардың барлық өзгертулері жалпы талқылау үшін алдын ала басылып, Интернетте мына мекен-жай бойынша қарауға болады:

http://nic.kz/rules/index.jsp

3. Резервке сақталған домендік атаулар.

Белгілі бір арналуы бар, резервке сақталған домендік атауларына мыналар кіреді:
ORG.KZ - Қазақстан Республикасының резиденттері, коммерциялық емес ұйымдары үшін үшінші деңгейлі домендік атауларды тіркеуге арналған;
EDU.KZ - білім қызметіне лицензиясы бар Қазақстан Республикасы резиденттерінің ұйымдары үшін үшінші деңгейлі домендік атауларды тіркеуге арналған;
NET.KZ - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің қатысты лицензиялары бар деректерді беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар үшін үшінші деңгейлі домендік атауларды тіркеуге арналған;
GOV.KZ - Қазақстан Республикасының мемлекеттік сектордағы ұйымдар үшін үшінші деңгейлі домендік атауларды тіркеуге арналған;
MIL.KZ - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің ұйымдары үшін үшінші деңгейлі домендік ұйымдарды тіркеуге арналған;
COM.KZ - коммерциялық ұйымдар үшін және тіркелген тауарлық таңбаларды қорғау мақсатында үшінші деңгейлі домендік атауларды тіркеуге арналған;

4. Қарау тәртібі.

Домендік атауларды орналастыру бойынша барлық сұраныстар тіркеуге түскендегі тәртібі бойынша қаралады. Өтінімдерді қарау кезінде басқа басымдылықтар болмайды.

5. Сауда таңбалары.

Бір атаулы сауда таңбасының иесі, үшінші тұлғамен және домендік атауды тіркелушінің арасында туатын даулар Дауларды Шешу Тәртібінің негізінде шешіледі. Дауларды Шешу Тәртібі Вебтан мына мекен-жай бойынша табуға болады:

http://nic.kz/rules/policy.jsp

5. Интернет стандарттарына сәйкестілігі.

Домендік атауларды орналастыру бойынша барлық сұраныстар RFC 1034, 1035, 1122, 1123 стандарттарына сәйкес болу керек.

6. Сұраныс беру, формалар.

Домендік атаулар туралы деректер базасындағы жазбаларды тіркеуге, өзгертуге және жоюға сұраныстар Менеджерге беріледі. Тіркеу келісімдері, сұраныс формалары және толтыру ережелері мына Вебтан қараңыз:

http://nic.kz/templates/

7. Синтаксистік ережелер.

Домендік атаулар өзіне латын әріпбиінің кез келген символдарын, сандарын және алу "-" таңбасын қосуы мүмкін. ".KZ" 3 символын қосқанда минималды атау 1 символдан, максималды атау 63 символдан тұрады.

8. Домендік атаулардың серверлері.

Сұранысты тапсыру кезінде Интернетке кем дегенде тіркелетін атау үшін қызмет ететін екі домендік атау серверлері ұсынылу қажет. Бұл талапты орындамау себебінде Менеджердің атауды тіркеуден бас тартуына әкеледі.

9. Тіркеу.

Домендік атау туралы жазбаны KZ домендік атаулар деректер базасына енгізу және сұраныста көрсетілген Интернет серверлерін басқару бойынша уәкілеттік ұсыну домендік атауды тіркеу қорытындысы болып табылады. KZ тіркелген домендік атаулар туралы ақпаратты Менеджердің деректер базасында және Интернетте мына мекен-жайлар бойынша табуға болады:

WHOIS сервисі: whois.nic.kz
Веб мекен-жайы: http://nic.kz/cgi-bin/whois

11. Тіркеуден бас тарту.

Домендік атауды тіркеуде мына жағдайларда Менеджердің бас тартуына құқығы бар:
а) егер өтінім формаға сәйкес не толық емес немесе керекті қосымшалар жоқ болса;
б) егер домендік атау сұраныс беру кезіне дейін тіркелген болса;
в) 5 тармақта көрсетілген Интернет стандарттарының сұраныстарына сәйкес болмаса.

12. Менеджер атауды тіркеуді немесе ұсынуды мынадай жағдайларда тоқтата тұрады, егер:

а) осы атау басқаша әкімшілендірілсе, DNS жүйесінің жұмыс істеуіне ықпал етсе;
б) осы атау тіркелген базис өзгертілсе (мысалы, егер өтінім берген ұйым жоқ болса);
в) Дауларды Шешу Тәртібінің негізінде үшінші тұлғамен дау туылған жағдайда;
г) осы атауды қолдану жағдайында Қазақстан Республикасының ағымды Заңнамасы бұзылады;
д) ҚР Сотының шешімі бойынша.