KazNIC және RU/.РФ домендерінің Координациялық орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Қазақ торап ақпарат орталығы» (KazNIC) және .RU/.РФ домендерінің Координациялық орталығы» ұлттық домен аймақтарын және интернет инфрақұрылымын дамыту саласында түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум Қазақстан және Ресей Федерациясындағы домендік аймақтарды басқару, интернеттегі мекен-жай кеңістігін дамыту және интернет ортасының тұрақтылығы мен қауіпсіздігін арттыру мәселелеріне қатысты кәсіби диалог және тәжірибемен алмасу негізі болды.

Тараптар кең ауқымды салаларда ынтымақтастық орнатуды, аналитикалық, статистикалық және ақпараттық материалдармен алмасуды, консультациялар өткізуді, сондай-ақ бірлескен семинарлар, форумдар, дөңгелек үстелдер және басқа да тиісті іс-шараларға қатысуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ жеке жұмыс кездесулерін және қашықтық форматында кездесулер өткізу көзделген.

Осы ынтымақтастық аясында желіні пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуге, мекен-жай кеңістігін басқару сапасын жақсартуға, ұлттық домен аймақтарын рұқсатсыз пайдаланудың алдын алуға және интернет қолданушыларының мүддесі үшін цифрлық инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылады.

KazNIC үшін халықаралық және кәсіби ынтымақтастық — ұлттық интернет сегментін дамытудың маңызды бөлігі болып табылады. Меморандумға қол қою өзара білім алмасуға және үздік тәжірибелерді қолдануға қосымша мүмкіндіктер береді.