Жиі қойылатын сұрақтар
Домендік атауды тіркеу
1. Бізге *.com.kz (*.net.kz, *.org.kz, *.edu.kz, *.gov.kz) домендік атауын тіркеуге мүмкіндік бар ма, бар болса, ол үшін не істеуіміз керек?
«Қазақ торап ақпарат орталығы» мекемесі .kz, .қаз домендерінің жаңа атауларына тіркеу жүргізбейді.
Домендік атауларды тіркеу үшін аккредиттелген тіркеушілердің біріне жүгіну қажет.
*.net.kz, *.org.kz, *.edu.kz, *.gov.kz, *бай.қаз, *қау.қаз, *.біл.қаз, *.мем.қаз домендерін тіркеу үшін тіркелушінің ISP, бейкоммерциялық, білім беретін немесе үкіметтік ұйымдар құрамына жататындығын куәләндыратын тиісті құжаттарды ұсынуы қажет.
gov.kz, org.kz, mil.kz, мем.қаз, қау.қаз, қор.қаз аймақтарында домендерді тіркеу үшін тіркелушіге келесі құжаттарды ұсынуы қажет: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.
edu.kz, net.kz, біл.қаз, бай.қаз тіркеу үшін тіркелушіге келесі құжаттарды ұсыну қажет: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі, білім беру қызметін іске асыруға (edu.kz, біл.қаз үшін) немесе телекоммуникация саласы қызметінде, деректерді беру және т.б. (net.kz, бай.қаз үшін) берілген лицензияның көшіремесі.
*.com.kz, *ком.қаз домендік атауын тіркеу үшін ешқандай қосалқы құжаттар қажет емес.
gov.kz, мем.қаз аймақтарындағы тіркеулерді ҰАТ АҚ атқарады (тел.: +7(7172)704907 сайт www.reg.gov.kz).
net.kz, бай.қаз аймақтарындағы тіркеулерді "Қазақтелеком" АҚ филиалы - Цифрлық бизнес дивизионы атқарады (тел.: +7(727)377-71-27, 8-800-080-01-88, сайт www.idhost.kz).
edu.kz, .біл.қаз аймақтарындағы тіркеулерді:
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" АҚ атқарады, тел.: 8(7172)578620, сайт reg.edu.kz
"RS Solutions" ЖШС, тел.: 8(702)8928441, 8(708)2469309, сайт: reg.mail.kz, email: domain@reg.mail.kz, support@edu.kz
com.kz, org.kz, ком.қаз, қау.қаз аймақтарындағы домендік атауларды тіркеуді ҰАТ АҚ-нан басқа барлық аккредиттелген тіркеушілер атқарады.
2. Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк атауларды тiркеу, пайдалану және бөлу Қағидасымен бекітілген домендік атауларды тіркеу/өзгерту/жою өтінімдерінің жаңа формасы бойынша серверлік құралдың орналасқан жері Қазақстан аумағында көрсетілу керек. «Серверлік құрал» деген ұғым нені білдіреді және қандай ақпаратты көрсету керек?
Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк атауларды тiркеу, пайдалану және бөлу Қағидасына сәйкес, домендік атауларды тіркеу/өзгерту/жою өтінім формалары өзгертілді. Өтінімнің 9-тармағында мәлімделген домендік атаудың интернет-ресурсын (веб-сайт, пошта сервері, фтп және т.б.) орналастыру болжанған серверлік жабдықтың орналасқан жерін көрсету қажет. DNS-серверлердің орналасқан жері реттелмейді.
Доменді бастапқы тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан серверлік жабдықтың орналасқан жерін көрсету қажет.
Егер домендік атау Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк атауларды тiркеу, пайдалану және бөлу Қағидасын қабылдағанға дейін тіркелген болса, серверлік жабдықтың орналасқан жеріне қарамастан модификация жүргізу кезінде серверлік жабдықтың орналасқан жерінің мекенжайын көрсету қажет.
3. Егер ұйым Қазақстан аумағында орналаспаса, *.kz домендік атауын тіркеу мүмкін бе?
Иә, бұл мүмкін. Домендік атауды тіркеу үшін сізге аккредиттелген тіркеушілердің біріне хабарласу қажет.
4. Біз *.kz доменін тіркегіміз келеді, өз серверіміз жоқ болғандықтан, сіздердің DNS серверлеріңізді қолдануға бола ма?
Қазыргі кезде «KazNIC» мекемесі жаңа домендік атауларды тіркеумен айналыспайды.
Аккредиттелген тіркеушілер домендік атауларды тіркеу барысында өз DNS-серверлерін ұсынады.
5. Бізге *.kz домендік атауын тіркеу керек, оның бос екендігін қалай біле аламыз?
KZ-тегі тіркелген домендік атаулар туралы барлық ақпарат KazNIC дерекқорында сақталады және келесі Интернет мекенжайы бойынша қолжетімді:
WHOIS сервисі: whois.nic.kz
Веб мекен-жайы: whois
6. Қазіргі уақытта KZ аймағындағы домендік атаулардың рұқсат етілген максималды ұзындығы қандай?
Домендік атаудың минималды ұзындығы 1 символ, максималды ұзындығы - 63 символ, .KZ-үш символын немесе .ҚАЗ төрт символын қоса алғанда.
Домендік атаудың деректерін өзгерту
1. Кеше біз домендік атаулар туралы деректерді өзгертуге өтінім жібердік, өзгертулер қашан болады?
Өтінім тек ағымдағы әкімшілік e-mail-ден расталғаннан кейін ғана орындалады (толығырақ 2-сұрақтан қараңыз). Өтінімдерді өңдеуді оператор түсу тәртібі бойынша жұмыс уақытында (09-00 — ден 18-00-ге дейін, сенбі, жексенбі-демалыс күндері) жүргізеді.
2. Бірнеше күн бұрын домендік атауды өзгертуге өтінім жіберіп, оның өңделгені туралы жауап алдық, бірақ өзгертулер болған жоқ.
Өтінім тек ағымдағы әкімшілік e-mail-ден расталғаннан кейін ғана орындалады. Сіз модификациялау туралы өтінімді hostmaster@nic.kz мекен-жайына жібергеннен кейін, сол өтінімді жіберген e-mail-ге автоматты түрде оның бастапқы өңдеуінің нәтижесі жөнінде жауап келеді. Егер өтінім дұрыс қалыптастырылған болса, домендік атаудың ағымдағы әкімшілк e-mail-не бірегей коды бар өзгерістерді растау формасы бар хабарлама жіберіледі. Сізге Confirmation version number: 1.0 жолынан бастап End of Confirmation жолына дейін нүктелі шекаралардың ішіне орналастырылған растау формасын көшіріп, әкімшілік e-mail-ден жаңа Электрондық пошта ашып, соның денесіне қою керек, сосын 3-тармақтағы қос нүктеден кейін No орнына YES деп жазып, hostmaster@nic.kz-ке жіберіңіз. Жауабына Сіз өтінімнің расталғандығы туралы автоматты хабарлама аласыз. Осыдан кейін өтінім тіркеу жүйесінде соңғы өңдеу кезегіне қойылады және оператормен орындалады.
3. Компанияның атауының өзгеруіне байланысты тіркеу деректерін (ұйымның атауы, мекен-жайы және т.б.) өзгерту қажет. Бұл үшін не қажет?
Ұйым атауының өзгеруі жағдайында Сізге өзгеруін растайтын құжаттар көшірмесін ұсыну қажет:
- мемлекеттік тіркеу туралы ескі және жаңа куәлік (өзгеру кезінде оларда жаңа құжаттармен бірдей нөмірі болады)
- ұйым атауын өзгерту туралы шешім.
Сізге домендік атаудың байланысының модификациясына өтінімдерді форма бойынша жіберу керек.
Байланыс модификациясы домендік атаудың ұйым-тіркелушісінен жоғарыда көрсетілген құжаттар көшірмесін және ұйым атауының өзгеруіне байланысты байланыстарды өзгертуге өтінімді (өтінім нөмірлерін көрсетіңіз) орындауды сұрайтын ресми хатты пошта арқылы алғаннан кейін жүргізіледі.
4. Біз провайдерді ауыстырып едік, және бізде DNS серверлері де ауысты. Бұл жағдайда бізге не істеуге болады?
DNS серверлері туралы мәліметтерді өзгерту үшін домендерді тіркеу/өзгерту/жою туралы өтінімді толтып, hostmaster@nic.kz мекен-жайына жіберу керек.
Серверлік жабдықтың орналасқан жерінің ауысқан, ауыспағандығына назар аударыңыздар (өтінімнің 9 тармағы), бұл ақпаратты провайдерден анықтау қажет.
Өтінім тек ағымдағы әкімшілік e-mail-ден расталғаннан кейін ғана орындалады (толығырақ 2-сұрақтан қараңыз). Өтінімдерді өңдеуді оператор түсу тәртібі бойынша жұмыс уақытында (09-00 — ден 18-00-ге дейін, сенбі, жексенбі-демалыс күндері) жүргізеді.
5. Біз DNS серверлеріміздің IP мекен-жайларын өзгерткіміз келеді, ол үшін қандай өтінімді толтыруымыз керек?
IP мекенжайлары туралы деректерді өзгерту үшін серверлерді тіркеу/өзгерту/жою туралы өтінімді толтыру қажет, онда өзгеріске қатысты ақпаратты көрсетіп, hostmaster@nic.kz мекен-жайына жіберу керек.
Өтінім тек ағымдағы әкімшілік e-mail-ден расталғаннан кейін ғана орындалады (толығырақ 2-сұрақтан қараңыз). Өтінімдерді өңдеуді оператор түсу тәртібі бойынша жұмыс уақытында (09-00 — ден 18-00-ге дейін, сенбі, жексенбі-демалыс күндері) жүргізеді.
Назар аударыңыз, егер Сіз провайдерді өзгерткен болсаңыз, одан серверлік жабдықтың орналасқан жерін нақтылауыңыз керек және деректер өзгерген жағдайда домендік атауға модификация жүргізу керек (өтінімнің 9-бөлімінде жаңа деректерді көрсетіңіз).
6. Қазіргі уақытта MAIL-FROM-нан басқа қандай аутентификация тізбелері қолжетімді?
Қазіргі уақытта MAIL-FROM-нан басқа Crypt Password-ді қолдануға болады.
7. Әкімшілік (техникалық, биллинг) байланыстары туралы деректерді өзгерту үшін не істеу керек?
Әкімшілік, техникалық немесе биллинг байланыстары туралы деректерді өзгерту үшін деректерді тіркеу/өзгерту/жою туралы өтінімін толтырып, оны hostmaster@nic.kz мекен-жайына жіберу керек.
Бұл үлгі байланыс мәліметтерін ауыстыру қажет болған жағдайда толтырылады (жеке тұлға байланыстары үшін: мекен-жай, телефон, факс, e-mail; заңды тұлға байланыстары үшін: мекен-жай, телефон, факс, e-mail, байланыс тұлғасының аты-жөні немесе лауазымы).
Жеке тұлғаның байланысында аты-жөнін өзгерту, егер сол тұлғаның аты-жөні ресми ауысқан жағдайда ғана мүмкін, ал заңды тұлғаның байланысында ұйымның атауын ауыстыру атауын өзгерткенде/қайта тіркелгенде ғана мүмкін, заң жүзінде ұйым сол қалпында қалуы тиіс. Бұл жағдайда өзерістер KazNIC мекемесі өзгерістерді растайтын құжаттарды алғаннан кейін ғана енеді.
Өтінім тек ағымдағы әкімшілік e-mail-ден расталғаннан кейін ғана орындалады (толығырақ 2-сұрақтан қараңыз). Өтінімдерді өңдеуді оператор түсу тәртібі бойынша жұмыс уақытында (09-00 — ден 18-00-ге дейін, сенбі, жексенбі-демалыс күндері) жүргізеді.
Егер байланыс e-mail-і қолжетімсіз болған жағдайда, KazNIC-ке байланысы тіркелген ұйымнан/жеке тұлғадан ресми хат жолдану қажет.
Егер байланыс заңды тұлғаға («Ұйым атауы» жолағы) тіркелген болса, хат фирмалық бланкіде дайындалып, мөрмен және бірінші басшының қолымен толық ТАӘ көрсетіле отырып куәландырылады. Хат KazNIC мекемесінің бас мүдірі-Гусев Павел Михайловичтің атына жазылады. Хаттың түпнұсқасы пошта арқылы жіберіледі.
Егер байланыс жеке тұлғаға («Ұйым атауы» жолағы) тіркелген болса, қол қойылған өтінішке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін қоса тіркеу қажет.
Домен Тіркелушісін, Тіркеушісін өзгерту
1. Біздің компания zzz.kz, yyy.kz домендеріне иелік етеді, біз оларды басқа компанияға бергіміз келеді. Домендік атауларды берудің процедурасы қандай?
Домендік атауды басқаға беру үшін домендік атауды тіркеу/өзгерту/жою формасын Domain Version Number: 3.2 сөзінен бастап КЕЛІСІМ СОҢЫ деген сөзіне дейін көшіріп, электронды хаттың денесіне екі рет қойыңыз.
Жоғарғы форма доменді жоюға толтырылады. Бұл форманың 0а.-дан 2.-ге дейінгі жолақтарын толтыру қажет. 0a жолағында "D" немесе "Delete" сөзін жазу керек, ал 1а. жолағында, яғни «Мақсаттарды көрсетуде» "Transfer Domain" сөзін және 2. жолағында домендік атауды жазу керек.
Екінші форма домендік атауды жаңа тіркелуші атына (жеке тұлғаға/ұйымға) тіркеуге арналған. Бұл форма толығымен толтырылуы тиіс, жаңа тіркелуші-ұйымның деректері мен байланыс ақпараттары енгізіледі.
Толтырылған формалары бар электрондық хатты өңдеуден өткізу үшін hostmaster@nic.kz-ке жіберу керек.
Өтінім домендік атаудың ағымдағы Тіркелушісінен доменді басқа тіркелушіге беру бойынша өтінімді орындауды сұрайтын ресми хатының түпнұсқасын алғаннан кейін өңделеді.
Егер домен заңды тұлғаға тіркелген болса, хат фирмалық бланкіде дайындалып, мөрмен және бірінші басшының қолымен толық ТАӘ көрсетіле отырып куәландырылады.
Егер домен жеке тұлғаға тіркелген болса, қол қойылған өтінішке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін қоса тіркеу қажет.
Хат KazNIC мекемесінің бас мүдірі-Гусев Павел Михайловичтің атына жазылады.
2. Бізге доменді KazNIC-тен басқа тіркеушіге ауыстыру керек, ол үшін не қажет?
Домендік атаудың Тіркелушісі KazNIC-ке басқа тіркеушіге трансферлеу үшін парольді беруге ресми сұраныс жіберу керек, сұраныста пароль (transfer key) жіберілетін e-mail көрсетілуі керек.
Егер домен заңды тұлғаға тіркелген болса, хат фирмалық бланкіде дайындалып, мөрмен және бірінші басшының қолымен толық ТАӘ көрсетіле отырып куәландырылады.
Егер домен жеке тұлғаға тіркелген болса, қол қойылған өтінішке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін қоса тіркеу қажет.
Хат KazNIC мекемесінің бас мүдірі-Гусев Павел Михайловичтің атына жазылады. Хаттың түпнұсқасы пошта арқылы жіберіледі.
Сізге трансфер паролін алғаннан кейін, доменді трансферлеу үшін; оны қабылдап алушы Тіркеушіге беру керек.
Алынған пароліңіздің қолдану мерзімі 15 күн, бұл мерзім өткеннен кейін паролді қайта сұрату керек.
Осы сұрақ бойынша толық ақпаратты Тіркеушілер арасындағы тіркеу трансферінің Тәртібі бөлімінен қараңыз.
3. Біз басқа Тіркеуші қолдау көрсететін доменді KazNIC-ке ауыстырғымыз келеді. Ол үшін не қажет?
«KazNIC» мекемесі тұтынушылардың сұраныстары бойынша домендік атауларды өзіне ауыстырмайды.
Егер аккредиттелген Тіркеушінің домендік атауларға қолдау көрсетуге мүмкіндігі болмаса, «KazNIC» мекемесі .KZ, .ҚАЗ жоғары деңгейлі домендік атауларының Тіркеу бөлімі ретінде бұл домендік атаулардың трансферін Тіркелушілер өздеріне жаңа Тіркеушіні таңдағанға дейін өзіне қолдауға уақытша қабылдай алады.
Уақытылы төлемеу себебінен жойылған домендік атауды қалпына келтіру
Тіркеу бөлімі қолдау кезеңінің аяқталуына және белгіленген мерзімде одан әрі ұзартудың болмауына байланысты домендік атаудың тізілімнен жойылғаны жағдайында оны қалпына келтіруге ешқандай кепілдік бермейді.
Ерекше жағдайларда мұндай домендік атауды тіркеуді алдыңғы Тіркеуші не оған заңды негіздері бар өзге тұлға (мысалы, құқықтарды беру туралы сот шешімі) доменге 60 күнге дейін қол жетімсіз кезеңде жүргізуі мүмкін. Мұндай ережелер Тіркеуші мен тіркеушінің өзара әрекеттесу Регламентінде белгіленген.
1. Төлемеу себебінен жойылған домендік атауды қанша мерзім ішінде қалпына келтіруге болады?
Домендік атауды тізілімнен жойылғаннан кейін 60 күн ішінде қалпына келтіруге болады.
2. Егер домен төлемеу себебінен жойылса не істеу керек?
Алдыңғы Тіркелушіге өтініш (pdf, doc) толтырып оны info@nic.kz эл. мекенжайға құжаттармен бірге (жеке куәліктің немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі) жіберуі керек.
Өңдеуге қабылданады:
а) өтініштің: 180000, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қ., Ильяшев к-сі, 47/2 мекенжайына пошта арқылы жіберілгендігі туралы трек-нөмірі қоса берілген сканер-көшірмесі
немесе
б) тіркелушінің ЭЦҚ қойылған өтініші (ezsigner.kz)
Қалпына келтіру рәсімі ақылы. Төлем шоты доменді қалпына келтіру туралы оң шешім қабылданғаннан кейін қойылады.
3. Домендік атауды қалпына келтіру рәсімі үшін төлемді қалай жасауға болады?
Оператор төлем шотын жасайды және оны өтініште көрсетілген электрондық поштаға жібереді. Шот доменнің қол жетімсіз кезеңі аяқталғанға дейін жарамды.
4. Домендік атауды қалпына келтіру паролін қалай алуға болады?
Алынған өтініш пен қызмет үшін төлем негізінде, оператор парольді өтініште көрсетілген электрондық поштаға жібереді. Доменді тіркеу үшін кез-келген қолданыстағы Тіркеушіге парольді беру арқылы хабарласуға болады.
Домендік атаулардың Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк аттарды тiркеу, пайдалану және бөлу қағидасының 16 тармағының 1,2,4,5,6,7 тармақшаларын бұзуы
1. Егер сіз домендік атауыңыздың Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк атауларды тiркеу, пайдалану және бөлу Қағидасын (бұдан әрі-Қағида) бұзғаны туралы хабарлама алсаңыз, не істеу керек?
Егер сіз домендік атауыңыздың тіркеушісінен ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті РММ-нің сіздің домендік атауыңызда Қағиданың 16-тармағының 1,2,4,5,6,7 тармақшаларының бұзушылықтары анықтағаны туралы хабарлама алған болсаңыз, сізге келесі әрекеттерді орындау қажет:
1. Сізді қызықтыратын барлық мәселелер бойынша кеңес алу, әрекет алгоритмі және бұзушылықты жоюға көмектесу үшін домендік атауыңыздың Тіркеушісіне хабарласу керек.
2. Анықталған бұзушылықты жою керек.
3. Егер сіздің домендік атауыңыздағы тіркелушінің деректерін Тіркеушіңіз жасырған болса, Тізілімде деректерді көрсетуге тыйым салуды алып тастау үшін тіркеушіңізге хабарласуыңыз керек.
4. Бұзушылықтың жойылғаны туралы KazNIC Тіркеу бөліміне ресми хабарлама жіберу керек.
2. Бұзушылықты жою үшін сіз Жадынаманы пайдалана аласыз.
Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің техникалық мамандарға арналған бұзушылықтарды жою жөніндегі Жадынамасы.
3. Бұзушылықты жою туралы хабарламаны жіберу.
Бұзушылықтың жойылғаны туралы хабарламаны info@nic.kz эл. мекенжайына жіберу қажет.
Хабарламаларды өңдеуді оператор Дс-Жм күндері 09:00-18:00 дейін уақыт аралығында жүзеге асырады, 13:00-14:00 — түскі үзіліс.
Өңдеуден кейін сіздің электрондық поштаңызға жауап қайтарылады.