«Қазақ торап ақпарат орталығы» мекемесі Digital Abai форумында Digital Platform «Горсеть» платформасын таныстырды.

2026 жылдың 10 қарашасында «Қазақ торап ақпарат орталығы» (KazNIC) мекемесі Digital Abai форумына қатысып, мекеме өкілдері көрме стендінде Абай облысының әкімі Берік Уәлиге және форум қатысушыларына өз жобаларын таныстырды.

Олардың қатарында Семей қаласының цифрлық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған Digital Platform «Горсеть» платформасы ұсынылды.

«Горсеть» платформасы- «Қазақ торап ақпарат орталығы» KazNIC мекемесінің 2006 жылдан бері дамып келе жатқан инфрақұрылымдық жобасы. Жоба мектептерді, ауруханаларды, кітапханаларды және бейнебақылау жүйелерін қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар нысандарды бірыңғай қауіпсіз цифрлық кеңістікке біріктіру мақсатында құрылған.

2025 жылдың соңына қарай талшықты-оптикалық желінің ұзындығы 126 км-ге жетті. Инфрақұрылымды салу және оған қызмет көрсету мекеменің өз күшімен жүзеге асырылады, ал тәулік бойы жұмыс істейтін мониторинг орталығы желілік тораптардың жұмысын үздіксіз бақылауды қамтамасыз етеді. Жоба туралы толығырақ.

«Горсеть» платформасының мүмкіндіктеріне деректерді жоғары жылдамдықпен беру, аумақтық жағынан бір-бірінен алшақ орналасқан нысандарды бірыңғай ақпараттық желіге біріктіру және өткізу қабілеті 10 Гбит/с-қа дейінгі байланыс арналарын ұсыну кіреді. Аталған инфрақұрылымды Семей қаласындағы «Қазақ торап ақпарат орталығы» KazNIC мекемесінің деректерді өңдеу орталығының қызметтері толықтырады. Бұл орталықта ұйымдар өздерінің серверлік жабдықтарын орналастыра алады. . «Горсеть» қызметтері.

Мұндай инфрақұрылым бейнебақылау, қоршаған орта мен энергия тұтынуды мониторингтеу, зияткерлік жарықтандыру және «ақылды қала» тұжырымдамасы аясындағы басқа да шешімдер сияқты заманауи қалалық сервистерді дамытудың негізі болып табылады. Ол мекемелер, бизнес субъектілері және қалалық жүйелер арасында деректер алмасуды қамтамасыз етед. Платформа мүмкіндіктері.

Digital Abai форумына қатысу «Қазақ торап ақпарат орталығы» KazNIC мекемесіне облыс басшылығы мен форум қатысушыларын өз әзірлемелерімен таныстыруға және өңірдің цифрлық ортасын одан әрі дамытудағы «Горсеть» платформасының мүмкіндіктерін көрсетуге жол ашты.