KazNIC KAZAKHSTAN NETWORK INFORMATION CENTER ҚАЗАҚ ТОРАП АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ

қазақша | русский | english

Жиі қойылатын сұрақтар

Смена Регистранта, Регистратора домена

1. Біздің компанияға zzz.kz, yyy.kz домендері жатады, ал біз оларды басқа компанияға береміз. Ол үшін домендік атаулардың қандай тапсыру үрдістері бар?

Домендік атауды тапсыру үшін http://nic.kz/templates/domain-template-kaz.jsp домендік атауды тіркеу/өзгерту/жою формаларын электронды хатқа екі рет көшіру керек. Жоғарғы формасы доменді жоюға толтырылады.

Тіркеу Келісімінің 0-2 тармақтарын толтыру керек, 0а тармағында "D" или "Delete" сөзі бар. 1.а жолында «Мақсаттар сипаты» "Transfer Domain" және домендік атау болады. Домендік атауды тіркеуге екінші форма ұйым-тіркелуші туралы және контактілік ақпаратпен жаңа деректермен толтырылады.

Толтырылған өтінімдермен E-mail-ды өңдеуге hostmaster@nic.kz. мекен-жайына жіберу керек.

Өтінім домендік атаудың ағымды Тіркелушісінен доменді (көрсету керек) басқа Тіркелушіге (көрсету керек) тапсыру бойынша сұрау өтінімімен ресми хатын алғаннан кейін өңделетін болады.

Егер домен заңды тұлғаға тіркелген болса, хат фирмалық бланкте мөрмен және бірінші басшының қолымен ТАӘ көрсетіліп беріледі.

Егер домен жеке тұлғаға тіркелген болса, қол қойылған өтінішке міндетті түрде тұлғаны растайтын құжат көшірмесін қоса беру керек.

Хат KazNIC Мекемесі мүдірінің атына - Павел Михайлович Гусевке ұсынылады. Хаттың көшірмесін факс арқылы немесе info@nic.kz e-mail-на, ал түпнұсқасын пошта арқылы жіберуге болады.

2. Бізге міндетті түрде доменді KazNIC-тен басқа Тіркелушіге ауыстыру керек, ол үшін не істеу керек?

Домендік атаудың Тіркелушісі KazNIC-ке басқа тіркеушіге трансфер үшін парольді беруге ресми сұраныс жіберу керек, сұраныста міндетті түрде пароль жіберілетін (transfer key) e-mail-ды көрсету керек.

Егер домен заңды тұлғаға тіркелген болса, хат фирмалық бланкте мөрмен және аты-жөні көрсетілген бірінші басшының қолымен бекітіліп дайындалады.

Егер домен жеке тұлғаға тіркелген болса, қол қойылған өтінішке міндетті түрде тұлғаны растайтын құжат көшірмесін қоса беру керек.

Хат KazNIC Мекемесінің мүдірі - Павел Михайлович Гусевтің атына ұсынылады. Хаттың көшірмесін факс арқылы немесе info@nic.kz e-mail-на, ал түпнұсқасын пошта арқылы жіберуге болады.

Сізге трансферлік парольді алғаннан кейін доменді трансферлеу үшін оны қабылдап алушы Тіркеушіге тапсыру керек.

Алған пароліңіздің қолдану мерзімі 15 күн, бұл мерзім өткеннен кейін паролді қайта сұрату керек.

Осы сұрақ бойынша толық ақпаратты Тіркеушілер арасындағы тіркеу трансферінің Тәртібі бөлімінен қараңыз.

3. Біз басқа Тіркеушімен қолдау көрсетілетін доменді KazNIC-ке ауыстырғымыз келеді. Бұл үшін не істеу керек?

«KazNIC» мекемесі тұтынушылардың сұраныстары бойынша домендік атауларды өзіне ауыстырмайды.

Егер аккредиттелген Тіркеушінің домендік атауға қолдау көрсетуіне мүмкіндігі болмаса, «KazNIC» мекемесі .KZ, .ҚАЗ жоғары деңгейлі домендік атаулардың Тіркеу бөлімі ретінде бұл домендік атаулардың трансферін Тіркелушілер өздеріне жаңа Тіркеушіні таңдағанға дейін өзіне қолдауға уақытша қабылдай алады.