KazNIC KAZAKHSTAN NETWORK INFORMATION CENTER ҚАЗАҚ ТОРАП АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ

қазақша | русский | english

Жиі қойылатын сұрақтар

Регистрация доменного имени

1. Біз *.com.kz (*.net.kz, *.org.kz, *.edu.kz, *.gov.kz) домендік атауды тіркеуге мүмкіндік бар ма, бар болса, ол үшін не істеу керек?

«Қазақ торап ақпарат орталығы» мекемесі .kz, .қаз домендерінің жаңа атауларына тіркеу жүргізбейді.

Домендік атауларды тіркеу үшін аккредиттелген тіркеушілердің біріне жүгіну қажет https://nic.kz/srs/registrars.jsp.

*.net.kz, *.org.kz, *.edu.kz, *.gov.kz, *бай.қаз, *қау.қаз, *.біл.қаз, *.мем,қаз домендерін тіркеу үшін тіркелушінің ISP, бейкоммерциялық, білім беретін немесе үкіметтік ұйымдар құрамына жататындығын куәләндыратын тиісті құжаттарды ұсынуы қажет.

gov.kz, org.kz, mil.kz, мем.қаз, қау.қаз, қор.қаз аймақтарында домендерді тіркеу үшін тіркелушіге келесі құжаттарды ұсынуы қажет: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

edu.kz, net.kz, біл.қаз, бай.қаз тіркеу үшін тіркелушіге келесі құжаттарды ұсыну қажет: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі, білім беру қызметін іске асыруға (edu.kz, біл.қаз үшін) немесе телекоммуникация саласы қызметінде, деректерді беру және т.б. (net.kz, бай.қаз үшін) берілген лицензияның көшіремесі.

*.com.kz, *ком.қаз домендік атауын тіркеу үшін ешқандай қосалқы құжаттар қажет емес.

gov.kz, мем.қаз аймақтарындағы тіркеулерді ҰАТ АҚ атқарады (тел.: +7(7172)704907 сайт www.reg.gov.kz).

net.kz, бай.қаз аймақтарындағы тіркеулерді "Қазақтелеком"АҚ филиалы - Цифрлық бизнес дивизионы (тел.: +7(727)377-71-27, 8-800-080-01-88, сайт www.idhost.kz

edu.kz, .біл.қаз аймақтарындағы тіркеулерді "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" АҚ (тел.: 8(7172)578620, сайт reg.edu.kz

com.kz, org.kz, ком.қаз, қау.қаз аймақтарындағы домендік атауларды тіркеуді ҰАТ АҚ-нан басқа барлық аккредиттелген тіркеушілер атқарады.

2. Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату Қағидасымен бекітілген домендік атауларды тіркеу/өзгерту/жою өтінімдерінің жаңа формасы бойынша серверлік құралдың орналасқан жері Қазақстан аумағында көрсетілу керек. «Серверлік құрал» деген ұғым нені білдіреді және қандай ақпаратты көрсету керек?

Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату Қағидаларына сәйкес, домендік атауларды тіркеу, өзгерту, жою өтінім формалары өзгертілді. Өтінімнің 9-шы тармағында өтінілген домендік атаумен интернет-ресурсты (вэб-сайт, пошталық сервер, FTP және т.б.) орналастыратын серверлік құралдың орналасқан жерін міндетті түрде көрсету керек.

DNS-серверлердің орналасқан жері анықталмайды.

Доменді бастапқы тіркеу кезінде Қазақстан Республикасында орналасқан серверлік құралдың орналасқан жерін міндетті түрде көрсету керек. Мекен-жайы толық емес немесе Қазақстан Республикасының жанында болмаса, Тіркеу Келісімі қабылданбайтын болады.

Егер домендік атау Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату Қағидасын қабылдағанға дейін тіркелген және серверлік құрал Қазақстан Республикасының жанында орналаспаған жағдайда, өзгерту жасаған кезде ағымды қолдау кезеңі аяқталғаннан кейін серверлік құралды ауыстыратын Қазақстан Республикасының аумағындағы мекен-жайды міндетті түрде көрсету керек. Домендік атауды қолдау мерзімін ұзарту кезінде Сізге міндетті түрде домендік атауға өзгерту жасап, серверлік құралдың Қазақстан Республикасының аумағындағы орналасқан жерін көрсету керек.

Егер домендік атау Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату Қағидасын қабылдағанға дейін тіркелген және серверлік құрал Қазақстан Республикасының жанында орналаспаған жағдайда, 6 бөлімде өзгерту жасаған кезде өтінімде осы серверлік құралдың мекен-жайын міндетті түрде көрсету керек. Домендік атауды қолдау мерзімін ұзарту кезінде Сізге міндетті түрде домендік атауға өзгерту жасап, серверлік құралдың Қазақстан Республикасының аумағындағы орналасқан жерін көрсету керек.

3. Егер ұйым Қазақстан аумағында орналаспаса, *.kz домендік атауды тіркеу мүмкін бе?

Иә, бұл мүмкін. Домендік атауды тіркеу үшін сізге аккредиттелген тіркеушілердің біріне хабарласу қажет: https://nic.kz/srs/registrars.jsp.

4. Біз өз *.kz доменімізді тіркегенге өз серверіміз жоқ болғандықтан, сіздердің DNS серверлеріңізді қолдануға бола ма?

Қазыргі кезде «KazNIC» мекемесі жаңа домендік атауларды тіркеумен айналыспайды.

Аккредиттелген тіркеушілер домендік атауларды тіркеу барысында DNS-серверлерін ұсынады https://nic.kz/srs/registrars.jsp.

5. Біз *.kz домендік атауды тіркеу керек, оның бос екендігін қалай білуге болады?

KZ -тегі тіркелген домендік атаулар туралы барлық ақпарат KazNIC деректер базасында және Интернеттен мына мекен-жайлардан көруге болады:

WHOIS сервисі: whois.nic.kz
Веб мекен-жайы: http://nic.kz/cgi-bin/whois

6. Қазіргі уақытта KZ аймағында домендік атаулар үшін қандай максималды ұзындық?

Домендік атаудың минималды ұзындығы 1 символ, максималды - 63, .KZ-үш символын немес .ҚАЗ төрт символын қоса алғанда.