KazNIC KAZAKHSTAN NETWORK INFORMATION CENTER ҚАЗАҚ ТОРАП АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ

қазақша | русский | english

Жиі қойылатын сұрақтар

Изменение данных доменного имени

1. Кеше біз домендік атаулар туралы деректерді өзгертуге өтінім жібердік, өзгертулер қашан болады?

Өтінім тек ағымды әкімшілік e-mail бекіткеннен кейін орындалады (нақтырақ Бірнеше күн бұрын домендік атауды өзгертуге өтінім жіберіп, оның өңделгені туралы жауап алдық, бірақ өзгертулер болған жоқ сұрағын қараңыз). Өтінімдерді өңдеу оператормен жұмыс уақытында (09-00-дан 18-00-ге дейін, сенбі, жексенбі – демалыс күндері) түскен тәртібінде қаралады.

2. Бірнеше күн бұрын домендік атауды өзгертуге өтінім жіберіп, оның өңделгені туралы жауап алдық, бірақ өзгертулер болған жоқ.

Өтінім тек ағымды әкімшілік e-mail бекіткеннен кейін орындалады. Сіз өзгертуге өтінімді hostmaster@nic.kz мекен-жайына жіберсеңіз, өтінім жіберілген e-mail-ға автоматты түрде оның бастапқы өңдеуінің нәтижесі жөнінде жауап жіберіледі. Егер өтінім нақты түзетілсе, ағымды әкімшілік e-mail-ға жеке коды бар өзгертулерді бекітуге формамен хабарлама жіберіледі. Сізге міндетті түрде Confirmation Version Number: 1.0 және End of Confirmation жолына дейін тармақ ішіндегі бекіту формасын көшіріп, жаңа электрондық хатқа 3 тармағында қос нүктеден кейін NO орнына YES сөзін жазып, hostmaster@nic.kz. мекен-жайына жіберуіңіз керек. Жауабына Сіз өтінімнің бекітілгендігі туралы автоматты хабарлама аласыз. Осыдан кейін өтінім тіркеу жүйесінде соңғы өңдеу тәртібіне қойылады және оператормен орындалады.

3. Компанияны қайта атауға байланысты бізге міндетті түрде тіркеу деректерін (ұйым атауы, мекен-жай және т.б.) өзгерту керек. Бұл үшін не істеу керек?

Ұйымды қайта атау жағдайында Сізге міндетті түрде қайта атауды растайтын құжаттар көшірмесін ұсыну қажет:
- мемлекеттік тіркеу туралы ескі және жаңа куәлік немесе стн (қайта атау кезінде оларда жаңа құжаттармен бірге ұқсас нөмірі болады)
- ұйымды қайта атау туралы шешім.

Сізге міндетті түрде домендік атаудың контактілерін өзгертуге өтінімдерді http://nic.kz/templates/contact-template-kaz.jsp. формасы бойынша беру керек.

Контактілерді өзгерту жоғарыда көрсетілген құжаттар көшірмесін және ұйымды қайта атауына байланысты контактілерді (өтінім нөмірлерін көрсетіңіз) өзгертуге өтінімдерді орындауды сұрауымен домендік атауды ұйым-тіркелушінің ресми хатын алғаннан кейін жүргізілетін болады.

4. Біз провайдерді ауыстырып едік, бізде DNS серверлер ауысты. Бұл жағдайда бізге не істеуге болады?

DNS серверлері туралы мәліметтерді өзгерту үшін міндетті түрде домендерді тіркеу/өзгерту/жою туралы өтінімді толтып, hostmaster@nic.kz мекен-жайына жіберу керек.

Серверлік жабдықтың орналасқан жерінің ауысқан, ауыспағандығына назар аударыңыздар (өтінімнің 9 тармағы), бұл ақпаратты провайдерден анықтау қажет.

Өтінімді тек ағымдағы әкімшілік e-mail арқылы бекіткеннен кейін ғана орындалады (нақтырақ Бірнеше күн бұрын домендік атауды өзгертуге өтінім жіберіп, оның өңделгені туралы жауап алдық, бірақ өзгертулер болған жоқ сұрағынан қараңыз). Өтінімдерді өңдеу оператор арқылы жұмыс уақытында (09-00-дан 18-00-ге дейін, сенбі, жексенбі – демалыс күндері) түсу тәртібіне қарай қаралады.

5. Біз DNS серверлеріміздің IP мекен-жайларын өзгерту керек, ол үшін қандай өтінімді толтыру керек?

IP мекен-жайлары туралы деректерді өзгерту үшін міндетті түрде серверлерді тіркеу/өзгерту/жою туралы өтінімді толтыру керек, онда доменді тіркеу кезінде көрсетілген әкімшілік, не техникалық контакт өзгертулеріне сәйкес ақпаратты көрсетіп, hostmaster@nic.kz мекен-жайына жіберу керек.

Өтінім тек ағымдағы әкімшілік e-mail бекіткеннен кейін орындалады (нақтырақ Бірнеше күн бұрын домендік атауды өзгертуге өтінім жіберіп, оның өңделгені туралы жауап алдық, бірақ өзгертулер болған жоқ сұрағын қараңыз). Өтінімдерді өңдеу оператор арқылы жұмыс уақытында (09-00-дан 18-00-ге дейін, сенбі, жексенбі – демалыс күндері) түсу тәртібіне қарай қаралады.

Назар аударыңыздар, егер Сіз провайдерді ауыстырған болсаңыз, онда одан өзіңіздің серверлік жабдығыңыздың орналасу жерін анықтаңыз және мәліметтерді өзгерту кезінде домендік атауға өзгерістер енгізіңіз (өтінімнің 9 тармағына жаңа мәліметтерді енгізіңіз).

6. Қазіргі уақытта MAIL-FROM-нан басқа қандай аутентификация тізбелері бар?

Қазіргі уақытта MAIL-FROM-нан басқа Crypt Password және PGP қолдануға болады.

Толығырақ - KazNIC Базасындағы нысандарды Қорғау бөлімінде (http://nic.kz/security/index.jsp сілтемесін жасау керек).

7. Әкімшілік (техникалық, биллинг) контакт туралы деректерді өзгерту үшін не істеу керек?

Әкімшілік, техникалық немесе биллинг контактілері туралы деректерді өзгерту үшін міндетті түрде контактілерді тіркеу/өзгерту/жою туралы өтінімін толтырып, оны әкімшілік контактіден hostmaster@nic.kz мекен-жайына жіберу керек.

Бұл үлгі контакты мәліметтерін ауыстыру қажет болған жағдайда толтырылады (жеке тұлға контактілері үшін: мекен-жай, телефон, факс, e-mail; заңды тұлға контактілері үшін: мекен-жай, телефон, факс, e-mail, контактілі тұлғаның аты-жөні немесе лауазымы).

Жеке тұлғаның контактілік аты-жөнін өзгерту, егер тұлғаның аты-жөні ресми ауысқан жағдайда ғана мүмкін; заңды тұлғаның контактісінде ұйымның атауын ауыстыру атауын өзгерткенде/қайта тіркелгенде ғана мүмкін, заң жүзінде ұйым сол қалпында қалуы тиісті. Бұл жағдайда өзерістер KazNIC мекемесі өзгерістерді растайтын құжаттарды алғаннан кейін ғана енеді.

Өтінім тек атаулы контакті үшін тіркелген ағымдағы әкімшілік e-mail-ден бекіткеннен кейін ғана орындалады (нақтырақ Бірнеше күн бұрын домендік атауды өзгертуге өтінім жіберіп, оның өңделгені туралы жауап алдық, бірақ өзгертулер болған жоқ сұрағынан қараңыз). Өтінімдерді өңдеу оператормен жұмыс уақытында (09-00-дан 18-00-ге дейін, сенбі, жексенбі – демалыс күндері) түсу тәртібіне қарай қаралады.

Егер контактілік e-mail өшірулі болған жағдайда KazNIC-ке міндетті түрде контакт тіркелген ұйымнан/жеке тұлғадан ресми хат жіберу керек.

Егер контакт заңды тұлғаға тіркелген болса («Ұйым атауы» жолағы), хат мөрмен және аты-жөні көрсетілген бірінші басшының қолымен бекітілген фирмалық бланкте дайындалады. Хат KazNIC Мекемесінің мүдірі - Павел Михайлович Гусевтің атына ұсынылады. Хаттың көшірмесін факс арқылы немесе info@nic.kz e-mail-на, ал түпнұсқасын пошта арқылы жіберуге болады.

Егер контакт жеке тұлғаға тіркелген болса («Ұйым атауы» жолағы), қол қойылған өтінішке міндетті түрде тұлғаны растайтын құжат көшірмесін қоса тіркеу керек.